КАЛЕНДАРЬ
Декабрь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
АРХИВ СТАТЕЙ
Ссылки

PostHeaderIcon Құрметті азаматтар, адвокаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері!

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай тәртібі енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысының соттарында сот ісін жүргізуге қатысатын азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету және қауіпсіздік тәртібін күшейту жөнінде бірқатар шара қолданылды.

Атап айтқанда, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда азаматтарды жеке қабылдау өткізу азайтылды. Аса қажет болған жағдайда жеке қабылдауды мобильді бейнеконференция байланысы арқылы қашықтықтан өткізуге мүмкіндік бар.

Соттардың іс жүргізуіндегі барлық істер бойынша процестік мүмкіндік босла, сот отырыстары төтенше жағдай мерзімі өткеннен кейін тағайындалады.

Мұндай мүмкіндік болмаса, сот процестері қолда бар функционалдар мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан («TrueConf» мобильдік бағдарламасы және т.б. арқылы) және ең болмағанда жабық сот отырысында өткізілетін болады.

Рұқсат етудің қысқартылған мерзімдеріне байланысты қылмыстық істер мен материалдарды, үкімдерді орындау тәртібіндегі, сондай-ақ адамдарды ұстаумен немесе қамаққа алумен байланысты істерді қарауды барынша оқшауланған және процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігі жағдайында жүзеге асырылатын болады.

Бұған қоса, өтініштерді, істер мен материалдарды сотқа беруді мүмкіндігінше кейінге қалдыруды сұраймыз.

Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, істер мен материалдар бойынша барлық құжаттарды қоса тіркеп, «электрондық үкіметтің веб-порталы, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі – электрондық сервистерді белсене қолдануды сұраймыз.

Құжаттарды электрондық түрде жолдаудың негізгі артықшылығы мәлімдеушінің тіркеу органына келуі қажеттілігінің жоқтығы болып табылады.

Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Коронавирус инфекциясына қарсы күрестің тиімділігі және оның әрі қарай таралуы карантин шараларын сақтау жөніндегі біздің бірлескен жұмысымызға байланысты.

Мұхтар ӘЛИЕВ, Аққайың аудандық сот төрағасын міндетін атқарушысы

Оставить комментарий

НАШ ОПРОС

Верите ли Вы в гороскопы?

View Results

Loading ... Loading ...
ПОИСК ПО САЙТУ
КУРСЫ ВАЛЮТ
ПОГОДА В СКО
Коментарии
Ваша реклама
реклама