КАЛЕНДАРЬ
Декабрь 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
АРХИВ СТАТЕЙ
Ссылки

PostHeaderIcon Мемлекеттік тілде іс-жүргізу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіліміз – мемлекеттік рәміздеріміздің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 4 – бабы 2 тармағында Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», – деп көрсетілген.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі — оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады. «Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала». Яғни, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару үрдісінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

ҚР «Тіл туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деп көрсетілген. Сондай-ақ тілді таңдау әр азаматтың конституциялық құқығы болғандықтан, сот істерінің мемлекеттік тілде жүргізілуі арыздардың сотқа қай тілде берілуіне байланысты.

Сондықтан сот судьялары әрбір іс, материал, арыздар, талап арыздар жеке айыптау шағымдарықай тілде түссе, сол тілде қарауға тәуелді.

Солтүстік Қазақстан облысының аудандық және оларға теңестірілген соттары іс жүргізуі мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіріліп, 2009 жылы толықтай өтті.

Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен барлық қозғалған істер бойынша айыпталушылармен құқықбұзушларға іс жүргізу тілін таңдау құқықтары түсіндіріледі, алайда азаматтар күнделікті өмірде ресми тілді кеңінен қолданғандықтан көбінесе ресми тілді таңдайдыда қазақ тілі ресми тілдің көлеңкесінде қала береді.

Қылмыстық істер Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодекке сәйкес мемлекеттік тілде қозғалады да, заңға сәйкес істі қалыптасқан тәжірбиеге байланысты мемлекеттік тілді тергеуші өзінің қаулысымен іс жүргізуді ресми тілде жалғастырады, яғни орыс тілінде.

1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» делінген.

Ә. ӘБІЛМӘЖІНОВА, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-сот отырысның хатшысы

Оставить комментарий

НАШ ОПРОС

Должны ли руководители жить в том селе, где работают?

View Results

Loading ... Loading ...
ПОИСК ПО САЙТУ
КУРСЫ ВАЛЮТ
ПОГОДА В СКО
Коментарии
Ваша реклама
реклама