Жаңа жыл басталғаннан бері, коронавирустық пандемия бізден алыстап кетпеді. Керісінше, біз аурудың бұрын-соңды болмаған өсуіне куә болып отырмыз. 17 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан өңірі «Қызыл аймақтың» қатарында. Бірақ аурудың алдын алу мүмкіндігі бар – бұл вакцинация.
Бүгінгі таңда сіз тіпті 12 жастан бастап жасөспірімдерге, емізетін аналар мен жүкті әйелдерге белгілі бір мерзімде вакцинациялай аласыз. Жетекші фармацевтикалық компанияның бірі «Пфайзер» вакцинасы бізде «Комирнати» деген атпен танымал. Вакцина алғандардың ішінде Полтавка орта мектебінің алтыншы сынып оқушысы Дарья Перчик бар. Полтавка ауылының тұрғыны, Дарьяның әкесі Геннадий Перчик қызының денсаулығын қорғау туралы шешімге қалай келгені, процедураны қалай өткізгені туралы айтты.
Прочитать остальную часть записи »